Жетісу облысында ауыл тұрғынынан 2 келіден астам гашиш тәркіленді

21 Шілде 2023, 09:52
536
Бөлісу:
Жетісу облысында ауыл тұрғынынан 2 келіден астам гашиш тәркіленді
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында есірткі сатқан ауыл тұрғыны ұсталды. Ер адамнан 2 келіден астам гашиш және марихуана тәркіленді,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тағы бір есірткі сатушыны ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.

Ескелді ауданының ауылдарының бірінде 35 жастағы тұрғын есірткі сатқаны анықталды. 

Соттың санкцияланған рұқсатына сәйкес үй ауласындағы сарайды тінту кезінде Симба есімді қызметтік-іздестіру иті скотчпен оралған полиэтилен пакетін тапты, оның ішінде ерекше иісі бар жасыл түсті ұнтақ зат болды. Өткізілген сараптама бұл жалпы салмағы 2 келі 522 грамм гашиш екенін көрсетті. Сонымен қатар үйді тінту кезінде 6,81 гр марихуана табылды, – деді Жетісу облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Мұрат Жұмабаев. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы