Жетісу облысында 2,6 млрд теңгеге сатып алу тоқтатылды

17 Сәуір 2023, 21:50
1125
Бөлісу:
Жетісу облысында 2,6 млрд теңгеге сатып алу тоқтатылды
Фото: inbusiness.kz

Жетісу облысының прокуратурасымен 2,6 млрд теңге сомаға сатып алу тоқтатылды, сондай-ақ бір көзден 85 млн теңге сомаға сатып алуды жүргізуге жол бермеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік органдар тарапынан жіберілген негізгі бұзушылықтар біліктілік талаптарын асыра бағалау, сараптамасыз жұмыстар жүргізу (ол міндетті болған жерде), сатып алынатын тауарлардың атауын көрсету және т. б. фактілер болды. 

Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар үшін мемлекеттік органдардың 36 лауазымды тұлғасы 5,7 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды (толық төленді). Тәртіптік жауапкершілікке 7 лауазымды тұлға тартылды.

Өзгелердің жаңалығы