Жетісу облысы тұрғындарының мәселелері талқыланды

28 Шілде 2022, 19:41
1952
Бөлісу:
Жетісу облысы тұрғындарының мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Сарқан және Алакөл аудандарында болып, жергілікті халықпен және әкімдіктерінің өкілдерімен кездесті.

Сенатор Сарқан ауданының өкілдерімен кездесуде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді азаматтарға уақытша пайдалануға беру, тұрғын үйлер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ғимараттарын күрделі жөндеуге қаржы бөлу мәселелерін талқылады. Ал аудан тұрғындарымен кездесуде бос тұрған «Қазпошта» АҚ ғимаратын жастар спорт секциясын ашу үшін аудандық коммуналдық меншікке беру, жайылымдық және суармалы жерлерді бөлу, қоқыс жинау және қайта өңдеу, медициналық көмек көрсету және әлеуметтік қолдау мәселелері көтерілді.

Сенатор Алакөл ауданында «Дипломмен ауылға» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламаларының жүзеге асуы және мәдениет үйінің салыну барысымен, сондай-ақ облыстың шалғай ауылдарындағы шаруа қожалықтарының қызметімен танысты.

Ләззат Сүлеймен өз кезегінде кездесу барысында көтерілген мәселелерді бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы