"Жетісу" футбол клубының директоры ұсталды

3 Маусым 2024, 00:21
1114
Бөлісу:
"Жетісу" футбол клубының директоры ұсталды
Фото: baq.kz

«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев ұсталды. Соттың шешімімен оған 2 ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпас шарасы санкцияланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін бірқатар БАҚ беттерінде футбол клубының директоры әрі "Жетісу" әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаевты ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Әлеуметтік желіде тараған кейбір бейресми мәліметтерде Қалмұхамет Дөңсебаевты антикор ұстағаны және ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп күдікке ілінгені айтылады.

Өзгелердің жаңалығы