Жеті қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі

20 Ақпан 2024, 08:47
679
Бөлісу:
Жеті қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі
Фото: BAQ.KZ архив

20 ақпанда еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақтөбе, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Риддер, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:

  • Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;
  • Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.
Өзгелердің жаңалығы