Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

5 Сәуір 2024, 00:30
1116
Бөлісу:
Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ архив

Еліміздің жеті облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігінде және батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман болжанып отыр.

Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы