ЖЭС түрі бойынша қорытынды аукциондық сауда-саттық өтті

22 Қараша 2023, 00:20
666
Бөлісу:
ЖЭС түрі бойынша қорытынды аукциондық сауда-саттық өтті
Фото: Энергетика министрлігі

21 қарашада БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жиынтық белгіленген қуаты 100 МВт жел энергетикалық станциясының жобаларын іріктеу бойынша ЖЭК бойынша аукцион өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 4 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 310.001 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 22.68-ден 10.38 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компания анықталды:

  • ЖШС «Хенгист» жобаның белгіленген қуаты 10.001 МВт, аукциондық бағасы 10.38 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Абай облысында, ҚР БЭЖ Солтүстік аймағында орналастыру жоспарлануда.

Қуаттың қанағаттандырылмаған көлемі – 89.999 МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты.

Байқаушылар аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі – «ЭҚРҚО» АҚ жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады:

Келесі аукцион 2023 жылғы 22 қарашаға БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін жиынтық белгіленген қуаты 30 МВт ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы