Жертөлені тесіп, алтын ұрлағандар елордада ұсталды

15 Мамыр 2023, 11:23
813
Бөлісу:
Жертөлені тесіп, алтын ұрлағандар елордада ұсталды
Фото: Артём Чурсинов

Степногорск қаласында зергерлік бұйымдарды қолды еткен күдіктілер Астанадан ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Криминалдық полиция қызметкерлері Степногорск қаласындағы зергерлік дүкенін тонауды мұқият жоспарланған тонау қылмысын ашты. 1 мамырда белгісіз адамдар жертөледен тесік жасап, дүкенге кіріп, зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен. Полиция бірнеше жедел топ құрды, Ақмола және көршілес өңірлерде бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Елордада екі күдікті ұсталды. Олардан заттай дәлелдемелер, телефондар, құралдар мен көлік құралдары тәркіленді, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Айтуынша, қылмыстық істі тергеу жалғасуда, күдіктілер қамауға алынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 14 жастағы павлодарлық оқушы мектептерге бомба қойылғандығы туралы жалған хабарлама таратқандығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы