Жертөледегі "сыра империясы": Алматыда ірі заңсыз цехтан 7 мың литр өнім тәркіленді

Алматыда заңсыз сыра өндірумен айналысқан астыртын цех анықталды. Полиция 7 мың литр өнім мен арнайы жабдықтарды тәркіледі.

Бүгiн 2026, 18:06
АВТОР
 pexels.com Бүгiн 2026, 18:06
Бүгiн 2026, 18:06
142
Фото: pexels.com

Алматының Түркісіб ауданындағы жертөледе орналасқан заңсыз сыра өндіру цехы әшкереленді. Полицейлер «Алко-Стоп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында астыртын өндірісті тоқтатты.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тексеру кезінде жертөледен арнайы қайнату жабдықтары, дайын өнімнің ірі көлемі, сондай-ақ өндірісте пайдаланылған ыдыстар мен шикізат табылған.

Тінту барысында заңсыз айналымнан шамамен 7 000 литр сыра, астыртын өндіріс жабдықтары, құюға арналған кегтер, шыны ыдыстар және алкоголь өнімін дайындауға қажетті шикізат тәркіленді, – деп хабарлады Түркісіб ауданының Полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тексеру шаралары басталды. Нәтижесінде заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Тағы оқи отырыңыздар: Астанада "жаппай төбелес" болды ма? – полиция түсініктеме берді 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх