Жерорта теңізінде мигранттар мінген 3 қайық апатқа ұшырады

25 Сәуір 2023, 21:35
651
Бөлісу:
Жерорта теңізінде мигранттар мінген 3 қайық апатқа ұшырады
Фото: Хабар24

Оларға Италияның жағалау күзеті көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды. 

Бірінші қайық Лампедуза аралының жағалауында суға батып кеткен. Құтқарушылар көп адамды ажалдан арашалап алды. Бірақ 3 босқын із-түссіз жоғалып кетті. Тағы 2 қайық Мальта аралының маңында апатқа ұшырады. 

Аман қалғандардың айтуынша, 20-дан аса адам хабарсыз кеткен. Жалпы Лампедуза аралына 200-ден аса мигрант жеткізілді. 

Биыл теңіз асып, Италияға өтпек болған мигранттар саны күрт өсті. Жыл басынан бері осы жолмен 28 мыңнан аса босқын келген. Мәселен, өткен жылдың осы кезеңінде олардың саны 6800 болған еді. 

Өзгелердің жаңалығы