Жерлестеріміз Ливаннан аман-есен оралды

4 Қараша 2024, 10:45
335
Бөлісу:
Жерлестеріміз Ливаннан аман-есен оралды
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен Ливаннан еліміздің азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді, — делінген СІМ хабарламасында.

Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы