«Еуропалық құқық және адам құқықтары институты» жекеше қорының Директоры Марат Бәшімов мемлекеттік аппараттың жұмысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Президент Жолдауы Әділетті Қазақстанды құруға негізделіп отыр. Әділеттілікте ең бірінші жер мәселесін қарастыру керек. Мемлекет байлағының иесі халық болғандықтан, сол жерден шығатын мұнай мен газдың пайдасын халық көрмей отырғаны әділетсіздік. Екінші үлкен мәселе – құқық саласы. Осы саладағы түрлі әділетсіздіктер салдарынан парақорлық көп, ал құқық саласында әділеттілік орнамай елдің дамуы да жақсармайды, - деп атап өтті Марат Бәшімов «Жолдау – 2022: эксперттік пікір» атты «Sarap» эксперттік клубының отырысында.
Сондай-ақ жиында сарапшы Олжас Бейсенбай қазіргідей күрделі геосаяси жағдайда мемлекеттің ішкі саяси реформаларының орнықтылығы өте маңызды мәселе екенін айтты.
Президент Жолдауындағы жаңа саяси практика, жаңа саяси дәстүр – «жариялылық» принципіне үлкен көңіл бөліп отыр. Біздің зерттеушілердің жаз айларында жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, қазір қоғамда әлеуметтік-экономикалық мәселелер басым. Жолдауда да Мемлекет басшысының осы бағыттарға ерекше назар аударғанын көріп отырмыз, - деп Олжас Бейсенбаев.