Жергілікті органдар талап ете ме? Аймағамбетов білім қызметкерлері неге есеп беретінін түсінбеді

9 Тамыз 2022, 12:41
1663
Бөлісу:
Жергілікті органдар талап ете ме? Аймағамбетов білім қызметкерлері неге есеп беретінін түсінбеді

Министр білім қызметкерлері «мен осы мектептенмін» деген ақпарат беретінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында айтты. 

Көп секциялардың көрсетілімін әлеуметтік желіде көрсетеміз. Бүгінгі аппарат жиналысы да онлайн көрсетліп жатыр. Жергілікті атқарушы органдары осылай талап қоя ма, әлде ол қайдан шыққанын білмеймін. Эфирдің пікірлерін қарасақ, мектептердің немесе басқа ұйымдардың қызметкерлері «мен осы мектептенмін» деген ақпарат береді. Ол кім үшін беріледі, кім оны талап етеді, осыны түсінбедім. Мұндай талап ешкім қоймайды. Оны қоймауды да өтінемін, - деді ол. 

Аппарат жиналысының эфиріне жазылған пікірлерде мұғалімдер есеп беріп отыр.

Жергілікті органдар талап ете ме? Аймағамбетов білім қызметкерлері неге есеп беретінін түсінбеді

Аймағамбетов тамыз кеңесі еркін пікірталас ретінде өтетінін айтты. 

Оның формалды, тек өздеріңізге қажет нәрсені талқылау үшін өткізудің қажеті жоқ. Осы мәселені тағы да ескертемін, - деді министр.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы айтып берген еді.  Онда министр жоспарды орындамаған 6 облысты атаған еді.

Өзгелердің жаңалығы