Жергілікті бюджет кірістері 108,1%-ға атқарылған

10 Қараша 2021, 11:06
1064
Бөлісу:
Жергілікті бюджет кірістері 108,1%-ға атқарылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.

Оның айтуынша, шикі мұнайға экспорттық кедендік баж бойынша жоспардың асыра орындалуына 10 ай ішінде мұнай бағасының орташа есеппен 44,6%-ға өсуі әсер еткен. Алайда ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы және импортқа қосылған құн салығы бойынша жоспар орындалмады.

Ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмауы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылғы 10 айда қосылған құн салығын қайтару сомасының 173 млрд теңгеге немесе 32%-ға ұлғаюына байланысты. Импортқа қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмауына биыл 9 айда үшінші елдерден импорт көлемінің өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға немесе 1,7 млрд долларға төмендеуі әсер етті, – дейді ол.

Сонымен қатар Қаржы министрі жергілікті бюжеттің кірістері толығымен атқарылғанын айтты.

Жергілікті бюджеттердің кірістері 108,1%-ға атқарылды және 3,1 трлн теңгені құрады. Жоспар 231 млрд теңгеге, оның ішінде салық бойынша – 177 млрд теңгеге асыра орындалды, – деді Ерұлан Жамаубаев.
Өзгелердің жаңалығы