Жергілікті билік халықпен бірлесе жұмыс істеуді үйренуі керек - сарапшы

19 Сәуір 2022, 18:22
1771
Бөлісу:
Жергілікті билік халықпен бірлесе жұмыс істеуді үйренуі керек - сарапшы
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қоғамдық мониторинг саласы бойынша сарапшы Руслан Асаубаев Алматыда өткен «КИСИ GPS» ұлттық сараптамалық алаңының екінші отырысында айтты.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар тұрғындармен байланыс пен жиындарды ұйымдастыруда қиындықтарға тап болып отыр.

Бүгінгі таңда жергілікті қоғамдастық туралы жақсы заң дайындап қойғанның өзінде, оны жүзеге асыруда қиындықтар туындауы мүмкін. Қазір бізде ауыл әкімдері сайланды. Болашақ Кеңес мүшелерін осылайша сайлау керек. Бұл жергілікті қоғамдастықтардың рөлі мен жауапкершілігін арттырады – деді сарапшы.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Өңірлік зерттеулер орталығының директоры Қайсар Нығметовтің пікірінше жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау бюджетаралық қатынастарды өзгерту мәселелерін қарастыруы тиіс.

Бюджетті бөлу жалғасуы керек, әйтпесе жергілікті мекемелердің тәуелділігі сақталады. Өкілеттіктер мен құзыреттерді кеңейту экономикалық ресурстармен қамтамасыз етілуі керек. Бүгінгі таңда орталықсыздандырудан халық саны көп және экономикалық тиімді жерлерде орналасқан ауылдық округтер ғана ұтатын болады – деді Нығметов.

Жергілікті билік халықпен бірлесе жұмыс істеуді үйренуі керек - сарапшы

Сондай-ақ жиын барысында мемлекет пен жергілікті халықтың мүдделерін білдіретін жергілікті өзін-өзі басқару институттарын одан әрі дамыту мәселесі кеңінен талқыланды.

Саясаттанушы Петр Своик билік халықты қызықтыратын өзін-өзі басқару жүйесінің үлгісін ұсынуы қажет деген пікірін білдірді.

Жергілікті тұрғындарға ыңғайлы болу үшін бұл схеманы цифрландырған жөн. Өзін-өзі басқару да билік. Оған аумақ, ресурстар және жүзеге асыру мүмкіндіктерін беру керек,-деді ол.

Ал, ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі Асқар Нұрша бұл бағытта цифрлық жүйені кеңінен іске қосып, оның артықшылықтарын пайдалануға шақырды.

Біз цифрлық ғасырда өмір сүріп жатырмыз, бірақ аналогтық әлемдегідей әрекет етеміз. Мысалы, МИБ үшін қосымшаларды әзірлеп, сол арқылы қатысу мәселесін шешу қажет. Цифрландыру пассивтілік мәселесін жабуға көмектеседі. Цифрлық шешімдер жұмыспен қамтылған азаматтардың, сондай-ақ кезеңдік еңбек миграциясына қатысатындардың да жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуына мүмкіндіке береді. Сондай-ақ облыс ішіндегі аудандар мен қала ішіндегі аудандарды ажырата білген жөн. Түсініксіздікті жою үшін қалалық аудандарды дистрикт деп атауды ұсынамын» – деді А. Нұрша.
 

Өзгелердің жаңалығы