Жерге жаңа астероид жақындап келеді

2 Қазан 2022, 19:18
4231
Бөлісу:
Жерге жаңа астероид жақындап келеді

Екі ресейлік обсерватория 2022 SE37 жаңа астероидын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТАСС агенттігінің жазуынша, М.В. Келдыш атындағы Қолданбалы математика институтына қарасты екі обсерватория астероидтың Жерге жақындап келе жатқанын айтты. 

Институт ғалымдары астероидтың диаметрі жарты шақырымға тең екендігін анықтады. Ол 3,44 жыл кезеңмен орбита бойынша Күнді айналып жүр.

Алдағы келешекте астероид Жерге ешқандай қауіп төндіріп тұрған жоқ, - делінген институт таратқан хабарламада. 

Астероид Кочеванчик кентіндегі және Кубан мемлекеттік университетіндегі телескоппен түсірілген. 

Өзгелердің жаңалығы