Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жер реформасы жөнінде комиссияның кезекті отырысында Қазақстан фермерлер қауымдастығының президенті Жигули Дайырбаев айтты.
Оның айтуынша, 49 жалға берілген жердің мерзімі аяқталған соң мұраға қалдыру жөніндегі шешімді конкурс арқылы қабылдау бұрыс қадам.
49 жыл бойы жерді жалған азамат оған дәнін егіп, жанын беріп баптайды. Жердің өнім беруі үшін құнарлығын арттырады. Оның бала-шағасы бар, басқасы бар сол жерге терін төгеді. Жолын салады, суын шығарады. 49 жыл деген бір адамның ғұмыры, ол өмірден өтеді делік. Артында сол ауыл шаруашылығына иелік ететін балалары қалады. Енді оған барып, «әкең өтті өмірден, сен енді шаруашылықпен айналыспа, жеріңді байқауға саламыз», десек қалай болады.Ол жанұя үшін емес, жұмыспен қамтып отырса ауыл үшін трагедия. Ауылдың әңгімесімен ойнауға болмайды. Ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүргендер мен ауылдықтардың жоғары жақтағыларыға сенімі болуы үшін әр нәрсенің аражігін мұқият ажырату керек. Өзгеріс енгізуге құштар болмай, соларға жағдай жасауға мән берген жөн, - деді ол.
Бұған дейін отырысы барасында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жалға беру мерзімі аяқталған соң мұрагерлік етуге мүмкіндік жасалғанын айтып, бұл мәселені қолдамайтынын жеткізген.
Мен мұнымен келіспеймін, бұл туралы жұмыс тобының отырысында да айтқан болатынмын. 49 жылға жалға беріп, ары қарай мерзімді ұзарту үшін конкурс жариялануы тиіс. Әйтпегенде оның жекеменшіктен айырмашылығы болмайды. Сондықтан Жер кодексінің 37 бабына өзгеріс енгізіп, осы шартты ескеруіміз қажет, - деген еді Тайжан.