Жерге астероид жақындап келеді

23 Тамыз 2020, 10:15
2072
Бөлісу:
Жерге астероид жақындап келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші қарашада астероид Жерден 384 мың шақырым қашықтықта ұшып өтеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

2018 VP1 астероиды Жерге 2 қарашада жақындайды.

Мәскеу уақыты бойынша сағат 18:33-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 21:33) астероид Жерден 384 мың шақырым қашықтықта ұшып өтеді.

Астероид 2018 жылы 3 қарашада ашылған.  Аспан денесі «Аполлон» тобына жатады. Ол Жерге ешқандай қауіп төндірмейді.

Астероидтің ғаламшар атмосферасына кіру ықтималдығы 0,41%-ды ғана құрайды.



Өзгелердің жаңалығы