Жерді шетелдік азаматтарға сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң бірінші оқылымнан өтті

7 Сәуір 2021, 15:25
2788
Бөлісу:
Жерді шетелдік азаматтарға сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң бірінші оқылымнан өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Президент көмекшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram каналында жазды.

Мәжілісте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдік азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдарға және өз үлесінде шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларға сатуға және жалға беруге тыйым салуды көздейтін президенттік заң жобасы бірінші оқылымнан өтті. Бұл заң жобасын Мәжіліске 2021 жылғы 12 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің заңнамалық бастамасы тәртібімен енгізді. Осыдан кейін Мәжілісте арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының 3 отырысы (18, 29 наурыз және 5 сәуір), сондай-ақ аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысы (30 наурыз) өткізілді, - деді ол.
Оның сөзінше, осы пікірталастарда құжатты барлық талқылауға қатысушылар толық қолдап, Мәжілістің жалпы отырысына шығарылған.
Нәтижесінде, бүгін осы құжаттың алғашқы оқылуы өтті. Заң жобасының негізгі ережелерін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ұсынды. Талқылау қорытындысы бойынша Мәжілістің барлық фракцияларының депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасының екінші оқылуы күтілуде, - деп жазды Қарин.

Өзгелердің жаңалығы