Жердің магнит өрісінің ең үлкен ауытқуы табылды

8 Шілде 2020, 08:58
2131
Бөлісу:
Жердің магнит өрісінің ең үлкен ауытқуы табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сан-Диегодағы Лидс және Калифорния университеттерінің ғалымдары Жердің магнит өрісі бағытындағы жылжу бұрын болжанып келгеннен 10 есе жылдамырақ болуы мүмкін екенін анықтады. Бұл жайында "Nature Communications" журналында жарияланған мақалада хабарланды.

Зерттеушілер соңғы 100 мың жылдағы Жердің магнит өрісінің өзгерістері туралы деректерді талдап, оларды өріс генерациясының моделімен біріктірді. Осылайша жылдам өзгерістер магнит өрісінің жергілікті әлсіреуіне байланысты екендігі анықталды.

Магнит өрісінің мұндай жылжуы өріс полярлығын өзгерткен кезде немесе диполь осі географиялық полюстерден алыстаған кезде орын алғанын көрсетеді. Мысалы, 39 мың жыл бұрын геомагнит өрісі 2,5 градусқа жылжыған болатын. Оған әсер еткен нәрсе – Орталық Американың батыс жағалауына жақын маңдағы өріс кернеулігінің әлсіреуі еді.

Осы кезге дейін магнит өрісінің ығысудағы ең жоғары жылдамдығы жылына бір градусты құрайды деп есептеліп келген болатын. Алайда жаңа деректерге сәйкес, жылдамдық жылына рекордтық он градусқа жетуі мүмкін екен. Бұл оның ағымдағы өзгерістерден жүз есе жылдам екенін білдіреді.

Магнит өрісі жердің сыртқы өзегіндегі балқытылған металдың конвекциялық ағындарының арқасында пайда болады. Металл ағындары кері бағытта жүретін аймақтар пайда болған кезде ең жылдам өзгерістер орын алады. Мұны модельдеу нәтижелері көрсетіп отыр. Бұл дақтар көбінесе төмен ендіктерде пайда болады және ғалымдарға өрістің өзгергенін дәлелдейтін айғақтар іздеуін азайтуға көмектеседі.



Өзгелердің жаңалығы