Жер телімін сатып алмақ болған шымкенттік 9 мың долларынан айырылды

3 Желтоқсан 2021, 19:42
1335
Бөлісу:
Жер телімін сатып алмақ болған шымкенттік 9 мың долларынан айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер телімін сатып алмақ болған шымкенттік 9 мың АҚШ долларынан айырылды, деп хабарлады Polisia.kz. 

Шымкент қаласының Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында бейтаныс азамат Шымкент қаласы Тассай тұрғын алабы Жаңақұрылыс көшесінің бойында орналасқан жер телімін ауызша келісімшарт арқылы құжаттарын алдағы уақытта рәсімдеп беретінін айтып, 9 мың АҚШ долларына сатып, алдап кеткенін көрсеткен. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін жер телімінің құжаттарын рәсімдеп бермей, не ақшасын қайтармай жүргенін айтқан. 

Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қаратау АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеп-тексеру жұмыстары барысында жоғарыда көрсетілген жер телімін басқа азаматқа сатып жібергені белгілі болды.


Өзгелердің жаңалығы