Жер сілкінісінен кейін алматылықтар Астанаға жаппай көшіп келе бастады ма

31 Қаңтар 2024, 12:50
929
Бөлісу:
Жер сілкінісінен кейін алматылықтар Астанаға жаппай көшіп келе бастады ма
Фото: BAQ.KZ - архив

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда ІІМ басшысы Ержан Сәденов журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жер сілкінісінен кейін алматылықтар Астанаға жаппай көше бастады ма? – деп сұрады журналистер министрден.

Алматылықтардың өз қалаларын жақсы көреді. Иә, оларға елордаға келу қызықты. Бірақ бізде ондай ағын жоқ, - деп айтты еліміздің бас полицейі.

Кеше "Алматыдағы жер сілкінісі Астанадағы баспана бағасына әсер ете ме?" деген сұраққа сарапшылар жауап берген еді. Олардың айтуынша, тікелей әсер етпесе де, жанама әсер болады.

Өзгелердің жаңалығы