Жер сілкінісіне еліміз дайын ба? – вице-министр жауап берді

23 Ақпан 2023, 13:09
1493
Бөлісу:
Жер сілкінісіне еліміз дайын ба? – вице-министр жауап берді
Фото: dom.kz

Бұл сауалды БАҚ өкілі Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевке қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министр сауалға жауап бермес бұрын еліміздегі сейсмикалық қауіпті аймақтарды атап өтті. 

Жалғыз Алматы ғана емес, Алматы облысы, Түркістан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы да кіреді. Әрқайсысында сілкініс болса, қандай жұмыстар атқарылатыны жөнінде жоспарлар бар, - деді вице-министр.

Бұған дейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі болған жағдайда баспанасыз қалған, зардап шеккен адамдарды құтқаратын 384 пункт ашылады деп айтқан болатын. Ал Ибрагим Күлшімбаев құтқарушылардың дайындығын тексеру үшін оқу-жаттығу өткізілетінін мәлім етті.  

Екі жыл сайын арнайы оқу-жаттығуларын өткізіп тұрамыз. Биыл қыркүйек айында Алматы қаласында осы дайындығымызды тексеру бойынша үлкен республикалық оқу-жаттығу өткіземіз, - деді ол.  

Айта кетейік, бұл ақпарат Түркиядағы табиғи апат аймағында ҚР ТЖМ құтқарушылары жүргізген іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баспасөз конференциясында айтылды. Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарына Астана және Алматы қалаларынан, Ақмола және Қарағанды облыстарынан құтқарушылар қатысқан болатын. Бұған дейін Түркиядан елге оралған құтқарушы ең үлкен қуанышымен бөліскен еді.

Өзгелердің жаңалығы