Тірі адамды табуға сенім аз болды – құтқарушы

23 Ақпан 2023, 12:38
761
Бөлісу:
Тірі адамды табуға сенім аз болды – құтқарушы

Орталық коммуникация қызметінде өткен Түркиядағы табиғи апат аймағында ҚР ТЖМ құтқарушылары жүргізген іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баспасөз конференциясында Түркиядан оралған қазақстандық құтқарушы ең үлкен қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.    

Біз үшін ең үлкен қуаныш тірі адамдарды табу болды. Разведка уақытында олардың дауысын естігенде, біріншіден, таңғалдық. Екіншіден, бұл біз үшін үлкен жеңілдік болды. Ондай үйінділердің астынан тірі адамды табуға сенім аз болады. Оларды үйінді астынан шығарып алғанда, біз үшін ол үлкен жеңілдік болды. Қандай да бір көмек көрсетіп жатқанымызды сезіндік, - деді құтқарушы Амангельдинов Исламбек. 

Айта кетейік, Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күшімен 7 адам құтқарылды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды.

 

 

Өзгелердің жаңалығы