Жер сілкінісі Алматыдағы ғимараттардың мықтылығын көрсетті – маман

28 Ақпан 2024, 12:09
13603
Бөлісу:
Жер сілкінісі Алматыдағы ғимараттардың мықтылығын көрсетті   –   маман
Фото: автордан

"ҚазҚСҒЗИ" маманы Алматыдағы ғимараттардың сейсмикалық қауіпсіздігіне баға берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ералы Шоқпаровтың пікірінше, Алматыдағы 5 балдық жер сілкінісі құрылыс нормаларының қатаң сақталғанын, ғимараттардың мықты екенін көрсетті.

23 қаңтардағы жер сілкінісі Алматыдағы ғимараттардың біршама мықты екенін көрсетті. Себебі 5 балдың өзінде тұрғын үйлерде де, басқа құрылыс нысандарында, жүк көтеретін конструкцияларда да ақаулар жоқ. Ақаулар тек қана жүк көтермейтін конструкцияларда жарықшақ түрінде пайда болған. Бұл нені білдіреді? Яғни, біздің елімізде сейсмикалық төзімділік құрылыс нормалары қатаң сақталғанын көрсетеді. Осы ретте құрылыс нормасы тек Алматы қаласын ғана қамтымайтынын айта кеткен жөн. Сейсмикалық қауіптілігі бар өзге өңірлерде де сақталады, - дейді "ҚазҚСҒЗИ" маманы Ералы Шоқпаров.

Ол сондай-ақ Алматы қаласында көп қабатты үйлерді салудағы ережелерге де тоқталып өтті.

Құрылыс нормасында көп қабатты ғимараттарға өзінің құрылыс аймағына байланысты қойылатын шектеулер бар. Сейсмикалық аудандағы құрылыс нормасында 9/2 деген кесте бар. Мәселен, 9 балдық аймақта моналиттік ғимарат 12 қабаттан аспауы керек, 10 балдық аймақта 4 қабатты ғимарат салынуы тиіс. Ал 9 балдық аймақта кірпіш ғимарат 2 қабаттан жоғары болмайды. Биктігіне байланысты қатаң сақталатын осындай ережелер бар, - дейді "ҚазҚСҒЗИ" маманы.

Еске салсақ, бүгін Алматыдан 275 шақырым жерде тағы да жер сілкінісі тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы