Жер сілкінісі. Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында хабардар ету жүйесі қосылды

4 Наурыз 2024, 19:12
3189
Бөлісу:
Жер сілкінісі. Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында хабардар ету жүйесі қосылды
Фото: ТЖМ

Алматы қаласының, Алматы және Жетісу облыстарының аумағында жер сілкінісі кезінде төтенше жағдайлар департаменттері халықты хабардар ету жүйесін іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болған жер сілкінісі және телерадио хабарларын, сирена-сөйлеу құрылғыларын, «Darmen» мобильдік қосымшасын, ұялы байланыс операторларының СМС-хабарламаларын, әлеуметтік желілердің аккаунттарын, Алматы қ. адамдар жаппай баратын объектілерді хабарлаудың жергілікті жүйелерін ұстап қалу арқылы іс-қимыл тәртібі туралы халықты хабардар ету жүргізілді.

Сонымен қатар, халықты хабардар ету үшін Алматы қаласы Полиция департаментінің жедел-қызметтік көлігі (сигнал-дауыс зорайтқыш қондырғылармен жарақтандырылған) іске қосылды. 103 қызметтік автокөлік тартылды.

Өзгелердің жаңалығы