Шығыс Қазақстанда жер сілкініп, Абай облысына да сезілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сейсмологиялық зерттеу институтының станциялар желісімен 2025 жылғы 23 шілдеде 15:37 минутта Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бірқатар аудандарда жер дүмпулері сезілді. Зардап шеккендер жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету объектідлері штаттық режимде жұмыс істеуде. Тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз, - деді Абай облысы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Нұрсұлтан Алдоңғаров.
Айта кетейік, 23 шілде күні сағат 15:37-де Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелген еді.
Өскеменде жер сілкінісінен 15 минут өткен соң ғана сиреналар қосылды.