Жер шарында соңғы 8 жылда күн жылынып келеді

8 Қараша 2022, 21:18
1793
Бөлісу:
Жер шарында соңғы 8 жылда күн жылынып келеді

Ғаламшарымыздағы соңғы 8 жылда климаттың айтарлықтай жылынуы байқалып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҰҰ-ның жаңалықтар орталығы таратқан мәліметке сәйкес, жаһандық ауа температурасының жоғарылауына атмосферадағы парниктік газ әсер еткен. Биыл қатты ыстық, құрғақшылық пен су тасқыны миллиондаған адамды әбігерге салғаны белгілі. Ал ғалымдар 2022 жыл адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған жылы жыл болды деп отыр. Оған Еуропадағы Альпі тауларындағы мұздықтардың еруі дәлел.

Осы жылдың қорытындысы бойынша орташа жаһандық температура 1850-1900 жылдардағы деңгейден шамамен 1,15 градусқа жоғарылаған. Жаһандық жылыну неғұрлым артқан сайын оның салдары да соғұрлым нашарлай береді. Атмосферадағы көмірқышқыл газдың да көлемі ұлғайып, жаһандық температура ұлғаюының төменгі шегі 1,5 градусқа жетті, - делінген БҰҰ жариялаған құжатта.

Өзгелердің жаңалығы