Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне жер қойнауын пайдалану саласын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.
2023 жылғы 29 наурызда VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламенттің қазба ресурстарын тиімді және үнемді пайдалану, заңнаманы жақсарту және осы саладағы рәсімдерді оңайлату бойынша нақты шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті, - деді депутат.
Сондай-ақ Тұрғанов атап өткендей, 2023 жылғы 1 қыркүйекте Президент «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында біздің ресурстарға бай елімізде ұзақ уақыт бойы маңызды геологиялық жаңалықтар болмағанын атап өткен болатын.
Бұл заң жобасын Парламент депутаттары заң шығару бастамасы тәртібімен әзірледі.
Бағыттары мынадай:
- көмірсутектерді геологиялық барлау және өндіру саласындағы жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру;
- базалық жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізу рәсімдерін оңтайландыру;
- кен орындарын әзірлеу процесінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаржылық және әкімшілік шығындарын азайту.
Заң жобасының негізгі ерекшеліктері:
- құрлықтағы іздеу жұмыстары кезеңінде барлау жұмыстарының жобаларын әзірлеу және бекіту кезінде хабарлама тәртібін енгізуді ескере отырып, геологиялық барлау жұмыстарына жедел көшу.
- жер қойнауын пайдаланушыға мемлекет айыппұл санкцияларын салмай, сейсмикалық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша келешегі жоқ ұңғымаларды бұрғылаудан бас тартуға құқық беру.
- жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, оның ішінде көмірсутектер саласындағы жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптаманы жүргізу кезінде әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру.
Жалпы заң жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді, сонымен қатар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің реттеуші шарттарын жақсартуға мүмкіндік береді, - деді депутат Дүйсенбай Тұрғанов Мәжілісте.
Қандай өзгерістер болады:
1) практикалық геологиялық барлау жұмыстарына жедел көшу;
2) барлық сараптамалардың мерзімін 8-12 айға дейін қысқарту;
3) рәсімдер бойынша әкімшілік шығындарын 2 есеге жою, 120 күннен 50 күнге дейін;
4) инвестициялық қызығушылықты арттыру.
Депутат бірінші оқылымда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын мақұлдауды ұсынды.