Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың отандық өндірушілерден сатып алу рәсімі жеңілдетілді, деп хабарлады ҚР ИДДМ баспасөз қызметі.
ҚР президентінің Қазақстан Республикасында төтенше жағдай туралы енгізілген Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының Республикалық Қауымдастығы" ЗТБ-мен және отандық тауар өндірушілердің өкілдерімен бірге Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережесіне арнайы тәртіп бойынша өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізді.
Осы жылдың 31 наурызынан бастап төтенше жағдай аяқталғанға дейін жер қойнауын пайдаланушыларға бір көзден: "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы берген СТ-KZ нысанындағы тауардың шығу тегі сертификатты немесе Индустриялық сертификатты ұсыну немесе "Қазақстандық қамту" интернет-порталы ақпараттық жүйесінде орналастыру шартымен Қазақстанда шығарылған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер. Егер мұндай тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмесе, шетелдік сатып алу құқығы берілді, - делінген ақпаратта.
Бұрын конкурстық рәсімдер екі айға дейін созылатынын атап өту қажет. Бұл тәртіп төтенше жағдай кезеңінде ғана әрекет ететін болады және жер қойнауын пайдаланушылар өндірісінің тоқтатылуына және көлемін төмендетуге, сондай-ақ өндірістік процестерге тартылған қызметкерлердің қауіпсіздігін тиісінше қамтамасыз етуге жол бермеуге бағытталған. Көрсетілген санаттарға жатпайтын барлық өзге сатып алулар бұрын қолданылып жүрген нормалар бойынша жүзеге асырылатын болады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін отандық тауар, жұмыс және қызмет өндірушілердің тізімі "қазақстандық қамту" интернет-порталында "ТЖКҚ және олардың жеткізушілерінің дерекқоры" модулінде орналастырылған (www.ks.gov.kz).
Отандық өндірушілердің тізімін өзектендіру тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады.