"Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы қалай үй алуға болады

7 Қараша 2019, 15:56
4356
Бөлісу:
"Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы қалай үй алуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Нұрлы жер" бағдарламасы ел тұрғындарының түрлі санаттарының тұрғын үй мәселелерін кешенді шешуге бағытталады. 

Бағдарлама сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салуда, несиеге берілетін тұрғын үй салуды, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды, жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй салуын ынталандыруды қамтиды. 

Жергілікті атқарушы органдар салған несиеге берілетін тұрғын үйді алу үшін, қажет құжаттар: 

  • ТҮҚЖБ салымшысы болу;

  • сатып алынатын тұрғын үй құнының 20%-ынан кем емес көлемдегі бір реттік алғашқы жарнаны салу немесе жинағының болуы;

  • ҚР азаматтығының немесе оралман статусының болуы;

  • осы қалаларда тұрғын үй сатып алуға үміткер өтінім берушілер үшін өтініп берген сәтте кемінде екі жылға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуде болуы;

  • тұрғын үйінің болмауын растауы;

  • төлем қабілеттілігін растауы.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 9 айдың қорытындысы бойынша несиеге берілетін тұрғын үй желісі бойынша 4 330 пәтер немесе 38,3% жылдық жоспарға 258,1 мың ш.м. салынды. 

Жалға берілетін тұрғын үй желісі бойынша 2 344 пәтер немесе 15,6% жылдық жоспарға 137,6 мың ш.м.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беруден көш басында – Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. 

Өтінім беруші Бағдарлама талаптарына сай келген жағдайда оған 25 жыл мерзімге жылдық 5% мөлшерлемесі бойынша займ беріледі. Алдын-ала тұрғын үй займын алу үшін бастапқы жарна мөлшері – сатып алынатын тұрғын үй құнының 20%-ынан кем емес. Аралық тұрғын үй займын алу үшін – сатып алынатын тұрғын үй құнының 50%-нан кем емес. 

Таза әрлеудегі ЖАО несиеге беретін тұрғын үй құрылысы мен өткізілуінің баға параметрлері 1 шаршы метрі үшін: Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және осы қалалар маңындағы аймақтарда, Шымкент, Атырау, Ақтау, Түркістан қалаларында 180 мың теңгеге дейін, басқа өңірлерде – 140 мың теңгеге дейін. 

Бағдарламаға ТҮҚЖБ салымшылары, оның ішінде ЖАО-да тұрғын үй кезегінде тұрғандар қатыса алады. Сатылатын нысанда тұрғын үйлердің кемінде 50%-ы ЖАО кезекте тұрғандардың арасында бөлінеді. ЖАО-да кезекте тұрғандардың ішінде сұраныс болмаса, тұрғын үй ТҮҚЖБ басқа салымшыларына сатылады. 

Бағдарлама аясында салынған тұрғын үй бағасының нарық бағасымен салыстырғанда төмен болуына орай тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие. ТҮҚЖБ бағдарламасы іске асырыла бастаған сәттен бастап 19 300 займ берілді. 

Биылғы жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 8,8 млн ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 99,8% құрайды. Жылдық жоспарға тұрғын үйді пайдалануға беру пайызы 67,7% құрады. Еліміз бойынша барлығы 76 484 тұрғын үй, оның ішінде – 32 779 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.

Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің артуы еліміздің 9 өңірінде жалғасуда. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша Түркістан (130,3%), Қызылорда (120%), Алматы (116,6%), СҚО (116,4%), Қостанай (116,2%), Атырау (116,2%), Павлодар (110,9%), Ақтөбе (109%) облыстары және Шымкент (112,6%) қаласы көш басында.

Өзгелердің жаңалығы