ЖЭО, көліктер, қазандықтар. Министр Астананы не ластайтынын атады

4 Қараша 2022, 16:43
837
Бөлісу:
ЖЭО, көліктер, қазандықтар. Министр Астананы не ластайтынын атады

Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Астана қаласының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Өкінішке қарай, Астана ластану деңгейі жоғары қалаларға жатады. Ластанудың негізгі көздері – жылу электр орталықтары, автономды қазандықтар, жеке сектор пештері және автомобиль көлігі. Ел бойынша биыл 9 ай ішінде атмосфераға кәсіпорындардан ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі шамамен 900 мың тоннаны құрады. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 18 пайызға төмен. Астанаға оның 54,2 мың тоннасы тиісті, бұл былтырғы жылғы кезеңнен 15 пайызға төмен. Бұған табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру есебінен қол жеткізілді, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, өзі басқаратын ведомство қаланың барлық экологиялық мәселелеріне талдау жасаған. 

Негізгілері: атмосфералық ауаның, су ресурстарының ластануы, қалдықтарды заңсыз орналастыру және көгалдандыру деңгейінің жеткіліксіздігі. Жалпы, экожүйені жақсарту үшін жүйелі шаралар ретінде өткен жылы жаңа Экологиялық кодекс және «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қабылданды. Сондай-ақ 2020 жылы өңірлер бөлінісінде экожүйені жақсарту жөніндегі Жол карталары бекітіліп, іске асырылып жатыр, - деді Серікқали Брекешев. 

Өзгелердің жаңалығы