ЖЭО-2-дегі апат. Резервтік қазандықтарды іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр – Энергетикамині

20 Наурыз 2022, 22:32
1930
Бөлісу:
ЖЭО-2-дегі апат. Резервтік қазандықтарды іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр – Энергетикамині

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрлігі Петропавл қаласындағы ЖЭО-2-де болған апатқа қатысты түсініктеме берді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 20 наурызда сағат 19:05-те Петропавл қаласы «СевКазЭнерго» АҚ ЖЭО-2-де бірінші түтін мұржасы бұзылып, қазандық бөлмесіне құлады. 

Қазіргі уақытта жылумен жабдықтау төмен қысыммен берілуде, резервтік қазандықтарды жұмысқа қосу жұмыстары жүргізіліп, электрмен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында әкімдік жедел штаб ұйымдастырды, ТЖД, өрт сөндірушілер күшімен зардап шеккендерді анықтау, суды сору және үйінділерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Технологиялық бұзушылық салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. 

Өзгелердің жаңалығы