Жеңіс Қасымбек үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды

27 Қазан 2026, 17:54
АВТОР
 ҚР Үстел теннисі федерациясы 27 Қазан 2026, 17:54
27 Қазан 2026, 17:54
164
Фото: ҚР Үстел теннисі федерациясы

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасының Үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл шешім федерацияның кезектен тыс конференциясында қабылданды. 

Ұйымның жаңа басшылығы алдағы кезеңде Қазақстанда үстел теннисін дамыту, спортшылардың дайындығына жағдай жасау және елдің халықаралық спорт аренасындағы орнын нығайту бағытындағы жұмысты жалғастырады.

Бұл шешім қазақстандық үстел теннисінің белсенді даму кезеңінде және Астанада өтетін маңызды халықаралық спорттық оқиғалардың бірі – ITTF World Table Tennis Championships Finals 2027 әлем чемпионатына дайындық барысында қабылданды, – деп мәлімдеді федерация баспасөз қызметі.

2027 жылғы 22-30 мамыр аралығында елордада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл жарыс Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылмақ.

Халықаралық үстел теннисі федерациясының мәліметінше, әлем чемпионатын өткізу Қазақстанда осы спорт түрін дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазір елімізде 260 мыңнан астам адам үстел теннисімен жүйелі түрде айналысады.

Федерацияның негізгі міндеттерінің қатарында спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру, спорт инфрақұрылымын дамыту және үстел теннисінің бұқаралық сипатын кеңейту бар.

 

Наверх