Жеңіс Қасымбек: Құрбан айт – татулыққа үндейтін қасиетті мереке

16 Маусым 2024, 13:03
367
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек: Құрбан айт – татулыққа үндейтін қасиетті мереке
Фото: BAQ.KZ

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің instagram парақшасында барша мұсылман қауымын қасиетті мерекемен құттықтады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Құрбан айт – мұқтаж жандарға жәрдем беруге, қамқорлық танытып, бір-біріне жанашыр, өзара мейірімді болуға шақыратын, татулыққа үндейтін қасиетті мереке.

Барша мұсылман қауымын ұлық болған мереке – Құрбан айттың басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, бастаған әрбір істеріңізге береке тілеймін!

Айт құтты болсын! Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! –деді қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы