Жеңіс Қасымбек: Астана – Қазақстанның маңызды жобаларының бірі

5 Шілде 2023, 10:07
824
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек: Астана – Қазақстанның маңызды жобаларының бірі
Фото: BAQ.KZ - архив

Астана қаласы – Қазақстанның маңызды жобаларының бірі. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада өтіп жатқан бауырлас қалалар әкімдерінің форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласы әлем астаналары мен муниципалитет басшыларын қабылдап отыр. Бүгінгі форум Астана қаласының 25 жылдығына орай өткізіліп отыр. Бауырлас қалалар форумы, әлемдік қалалар қатарында дамып келе жатқан елордамыз үшін аса маңызды, - деді Жеңіс Қасымбек форумның ашылуында.

Оның сөзінше, форумға әлемнің 13 мемлекетінен 17 муниципалитет басшыларының қатысып отыр.

Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Әрқайсыларыңыздың қатысуыңызды біз жоғары бағалаймыз. Бұл форум өзара ынтымақтастықты дамытып, бірге дамудың жаңа моделін қалыптыстырады деген сенімдемін. Астана қаласы – Қазақстанның маңызды жобаларының бірі. Алғаш рет ХХ ғасырдың соңында қаланып, ғасырлар тоғысындағы шекарадан өтіп, біздің Астанамыз әлемдік танымалдылыққа ие болды және бүгінде дамыған экономикасы мен инфрақұрылымы бар заманауи мегаполиске айналды, - деді әкім.

Жеңіс Қасымбек атап өткендей, 25 жылдың ішінде қаланың жалпы өнімі 22 миллиард долларға 10 триллион теңгеге, ал өнеркәсіп 4,3 миллиард долларға жетті 2 триллион теңгеге жетті.

Сонымен қатар соңғы жылдары Астана 14 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартты. Небәрі 25 жыл ішінде елордада 33 млн шаршы метр тұрғын үй, 670 балабақша мен мектеп, жүзден астам мәдени және спорт нысаны салынды.

Өзгелердің жаңалығы