Жеңілдік терезесі арқылы 100 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілді

27 Шілде 2020, 19:11
1261
Бөлісу:
Жеңілдік терезесі арқылы 100 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілді

Алматы, BAQ.KZ. Карантин шектеулері аясында жұмысын қайта бастаған ХҚКО-дағы жеңілдік терезесі арқылы 101,8 мың отандасымызға қызмет көрсетілді.

Мамыр айының ортасынан бастап вирустың таралу қаупі мен азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін еліміздегі ХҚКО-ның жұмыс тәртібі өзгерген болатын. Енді ХҚКО-да онлайн түрде қолжетімсіз "қағаз" жүзіндегі қызметтер ғана ұсынылады. Алайда, азаматтардың үш санаты, атап айтқанда, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар мен мүгедектер бұрынғыдай ХҚКО-да электрондық қызметтерді ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезелері ұйымдастырылған. Олар "қағаз" қызметтерді де, түрлі анықтамалар мен мемлекеттік қызметтерді де сонда ала алады. Жеңілдік терезесіне міндетті түрде онлайн түрде кезек уақытын алдын ала брондау қажет.

Жеңілдік терезелері арқылы қызметтердің көп бөлігі мегаполистердегі ХҚКО, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан (9941), Алматы (9719) және Шымкент (7753) қалаларында ұсынылды. Тізімнің ең соңында Маңғыстау облысы, онда 1862 азамат жеңілдік терезесінің қызметіне жүгінген, - делінген хабарламада. 

Азаматтарға арналған үкіметтің басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, жеңілдік терезелері бұл санаттардағы азаматтарға қызметтерді жылдам әрі сапалы алуға көмектеседі. 

Біз осы үш санатқа кіретін қазақстандықтар үшін электрондық қызметтерді өздігінен алу оңай емес екенін түсінеміз, сондықтан олар үшін электрондық қызметтерді де ХҚКО-дан алу мүмкіндігін жасадық, – деді ол. 

 Айта кетейік, төтенше жағдай режимі тоқтатылып, халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа форматта жұмыс істей бастағаннан бері қазақстандықтарға 2 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. 

Азаматтар egov.kz порталы, телеграмдағы egovkzbot2.0 немесе 1414 байланыс орталығы арқылы кезек уақытын алдын ала брондауы тиіс. Бүгінде брондау сервисінің қызметі жетілдірілген, енді азаматтар брондау барысында бос уақыт аралығын көре алады және уақытын қайта рәсімдей алады.

Бүгінгі таңда egov.kz порталында барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамы қолжетімді. Компьютері жоқ азаматтар әкімдіктерде, жұмыспен қамту орталықтарында, білім беру, медицина ұйымдарында және т.б. жерлерде ұйымдастырылған egov бұрыштарының қызметін пайдалана алады.

Өзгелердің жаңалығы