Жеңілдетілген тариф алу үшін ресейлік астықты отандық өнім ретінде өткізген

20 Ақпан 2023, 09:30
751
Бөлісу:
Жеңілдетілген тариф алу үшін ресейлік астықты отандық өнім ретінде өткізген
PHOTO
Фото: КМА видеосынан скрин

Тасымалдауға жеңілдетілген тариф алу үшін ресейлік астықты отандық өнім ретінде өткізген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан аумағы арқылы үшінші елдерге одан әрі экспорттау мақсатында ресейлік астықтың сұр импортының схемасын ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті облыстың көлік прокуратурасының үйлестіруімен анықтады.

Жеңілдетілген тариф алу үшін ресейлік астықты отандық өнім ретінде өткізген

ЖШС 2021-2022 жж. 1 млрд теңгеден астам сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астықты Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға экспорттады.

Бұл ретте компания жеңілдетілген экспорттық тарифті алу үшін отандық шаруа қожалықтарынан астықты қазақстандық екенін растайтын жалған шот-фактураларды пайдаланған, бұл транзиттік тарифтен жалтарып, «ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС-не 150 теңгеге жуық сомасында залал келтіруге әкеп соқты. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. 

Өзгелердің жаңалығы