Жеңілдетілген несиенің санын арттыра түсу қажет – Президент

5 Қазан 2022, 11:17
562
Бөлісу:
Жеңілдетілген несиенің санын арттыра түсу қажет – Президент

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев жас мамандарды қолдау қажет екенін айтты.

Аймақта жеңілдетілген ипотека бағдарламасы бар. Жастар бастапқы жарна ретінде баспана құнының 10 пайызын салып, 19 жылға ипотекалық несие алуына болады. Жылына 5 пайыздық өсіммен 20 миллион теңгеге дейін беріледі. Бұл ипотеканы мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет, спорт және әлеуметтік сала қызметкерлері, журналистер және жоғары оқу орындарының оқытушылары ала алады. Биыл 75 несие берілген. Енді бағдарламаның бюджетін көбейтіп, жеңілдетілген несиенің санын арттыра түсу қажет. Бұл – жергілікті жас отбасыларды, жас мамандарды қолдауға арналған тиімді әдіс. Олар басқа аймақтарға көшпей, туған жерінде еңбек етуге жақсы мүмкіндік алады. Мұндай тәсілді өзге облыстар да қолдануы керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы