Жеңілдетілген автонесие бойынша екінші банк өтінім қабылдауды бастады

16 Мамыр 2022, 18:44
1752
Бөлісу:
Жеңілдетілген автонесие бойынша екінші банк өтінім қабылдауды  бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін күннің екінші жартысында «Еуразиялық банк» пен «Банк Центр Кредит» жеңілдетілген автонесиелеудің жаңа бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бастады.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Несиелеу келесідей талаптар бойынша жүзеге асырылады: жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 4 %; несиелеу мерзімі – 10 миллион теңгеден аспайды; қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан артық емес; алғашқы жарна көлемі – 0 %; көлік құралының құны – 15 миллион теңгеден аспайды. 

Өтінім бергеннен кейін тұтынушыға таңдалған автокөліктің маркасы мен моделін ауыстыруға және кезектегі орнын өзге физикалық тұлғаның атына қайта рәсімдеуге рұқсат берілмейді. Несие алушыға өтінім расталмаған жағдайда ол электронды кезектен шығарылады және оның орны келесі қатысушыға беріледі. Аталған бағдарламаға бір адамның 2 жылда 1 рет қатысуға мүмкіндігі бар.

Төлем қабілеттігін тексеру мен автонесиені мақұлдауды серіктес банктер жүзеге асырады. Несие беру туралы өтінім мақұлданғаннан кейін өтінім берушінің әрекеті тиісті екінші деңгейлі банктің онлайн-платформасында «Өнеркәсіпті қолдау қоры» АҚ-ның қатысуынсыз қадағаланады.

Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысу үшін қадамдық іс-әрекеттер:

1. Тұтынушы дилерлік автоорталыққа хабарласып, отандық автокөлікті таңдайды;

2. Дилерлік автоорталық өкілдері несие алуға өтінім берушіге міндетті VIN-коды бар әрекет ету мерзімі 5 күнді (банктік) құрайтын төлемақы есебін береді;

3. Тұтынушы төлемақы есебімен бірге банкке өтінім береді;

4. Банк өтінім түскен сәттен бастап тұтынушыны өздерінің электронды кезегіне қояды;

5. Банк тұтынушының төлем қабілеттілігі мен несие тарихын бағалайды. Оң шешім шыққан жағдайда несие беру мақұлданады және әрекет ету мерзімі 5 күнді (банктік) құрайтын кепілдеме хат беріледі;

6. Кепілдеме хатты алғаннан кейін тұтынушы автокөлік дилерлік орталығына көлікті рәсімдеу үшін хабарласады;

7. Егер де тұтынушы кепілдеме хатты алғаннан кейін 10 күн (банктік) ішінде банктік несиені рәсімдеп үлгермесе кезектен шығарылады. 

Өзгелердің жаңалығы