Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

26 Шілде 2019, 15:54
1452
Бөлісу:
Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 шілде күндері Алматының Орталық стадионында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды. Бұл туралы ҚР ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Үш күнге созылатын жарыста спортшылар жеңіл атлетиканың 20 түрінен бақ сынап, ерлер мен әйелдер арасындағы эстафета жеңімпаздарын анықтайды.  

Ел біріншілігіне қатысуға 160 адам өтінім берді. Олардың ішінде 103 ер адам, 57 әйел адам бар.  Турнирге еліміздің барлық аймағынан, сондай-ақ, Тәжікстаннан спортшылар қатысады.  

Жеңіл атлетикадан Қазақстанның ең алғашқы чемпионаты 1992 жылы өтті

Өзгелердің жаңалығы