"Жемқорлыққа барған азаматтар елден шығарылмайды" – Антикор түсіндірді

Бүгiн, 14:30
331
Бөлісу:
"Жемқорлыққа барған азаматтар елден шығарылмайды" – Антикор түсіндірді
Фото: Нұркен Алишев

Парамен ұсталғандарды елден шығармау мәселесі басқа да құзырлы органдармен қаралып жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Негізі бұл бірінші рет көтеріліп жатқан сұрақ емес, мәселе бұрыннан бері талқылануда жүр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, тиісті ұсыныстар бар. Талқылау нәтижесі көрсетеді. Бұл бағыттағы жұмысты біз ғана қабылдай алмаймыз, бұл бүкіл мемлекеттік орган, аппарат қабылдауға тиіс. Депутаттар қолдаса, әрине, енгізілуі мүмкін, — дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін  Антикор экс-министрдің ісі қашан сотқа жіберілетінін және шенеуніктерді қорқытып жатыр ма? деген ақпаратты жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы