Жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ міндет

3 Сәуір 2021, 06:29
1546
Бөлісу:
Жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ міндет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облыстық «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жылқышиева Жазира, Республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел және аймақтық Департамент басшылығы, облыстық басқарма және аудан басшыларының қатысуымен кездесу өтті.

Шарада сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудың тиісті деңгейде жүзеге асырылуы талқыланды.

Кездесу барысында арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Бауыржан Мөрбеков 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның орындалу барысы туралы айтты. Оның ішінде көліктік бақылау саласындағы мониторинг нәтижесінде көлік құралын тексеруді жүзеге асыратын инспекторларда бейнетіркегіштер жоқтығы және сараптамалық бақылау басқармасының орталықтарында поротативті бейнетіркегіш арқылы тіркеу жүргізу мүмкіндігі жоқ екені анықталды.

Сондай-ақ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының жұмысында анықталған кемшіліктер айтылды. Ветеринарлық тексеру өткізу пункттерінде бейнетіркегіштер белгіленбеген, салдарынан, өткізу пункттерінде жүк көліктерін тексеру тетіктері жоқ, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соғады. Осыған байланысты бұл мәселені ведомствоаралық деңгейде қарау туралы ұсыныс айтылды.

Кездесу нәтижесінде Төраға кеңесшісі басқарма жұмыстарында сапалы ішкі талдау жүргізіліп, оның нәтижесі нақты ұсыныс ретінде шешімін табу керек екендігін атап өтті. 

Сонымен қатар шара барысында Агенттіктің заңнамалық бастамаларының негізгі бағыттарына тоқталып, жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ міндет екендігін ескертті.


Өзгелердің жаңалығы