Жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті

26 Қараша 2020, 19:30
2013
Бөлісу:
Жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерімен бірлесіп, ҚАЖ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жиын өткізді. 

«Zoom» платформасы арқылы онлайн режимде өткен басқосу барысында сыбайлас жемқорлықпен күресу тек құзырлы органдардың ғана міндеті емес, жалпы қоғамның ортақ ісі екендігі ерекше атап өтілді. Жиында алғашқылардың бірі болып сөз алған өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы әділет майоры Әділет Ерманов сыбайлас жемқорлық індетінің мемлекет пен қоғамға келтірер залалы жөнінде кеңінен сөз қозғап, оның алдын-алу шараларын қолға алудың маңыздылығына тоқталды. 

Сондай-ақ онлайн кездесу барысында өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Бекболат Ескеев өз ойын ортаға салып,  қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында басшылық тарапынан бірқатар шара қабылданғанын жеткізді.

Жемқорлықтың қауіп-қатері жөнінде тек келелі жиындарда ғана сөз етпей, жеке құрам қызметкерлері арасында арнайы жиындар өткізіп, жүйелі шаралар қабылдануда. ҚАЖ департаментінде аталмыш індеттен қызметкерлерді сақтандыру бағытында алдын-алу шараларын қолға алынуда,  - деді Б.Ескеев.


Өзгелердің жаңалығы