Желіде жеке мәліметтерді анықтайтын ойын пайда болды

3 Желтоқсан 2020, 07:35
3292
Бөлісу:
Желіде жеке мәліметтерді анықтайтын ойын пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Amazon компаниясы жүргізіп отырған ойынға сілтемені бөлісіп жатыр. Бұл туралы StopFake.kz порталы хабарлайды.

Қатысушылар арасында қымбат гаджеттер, ұялы телефондар мен компьютерлік техника ұтысы өткізіледі. Алайда «ойынның» сілтемесі фишингтік сайтқа апарады.

Желіде жеке мәліметтерді анықтайтын ойын пайда болды

Портал мәліметінше, бағалы сыйлықтар ұтысы туралы жаңалықтың астында жағымды пікірлер көп жазылған. Соның бәрін фейк деп болжауға болады. Бұл туралы ойын сайтында да жазылған – сайтқа кіруге тырысқанда, фишинг туралы автоматты түрде ескерту шығады және сервермен байланыс қорғалмаған.

Осындай интернет-платформалар арқылы алаяқтар сайтқа кірушілердің жеке деректерін – жеке аккаунттардың логиндері мен құпиясөздерін, төлем карталары мен банктік шоттар туралы ақпаратты ұрлайды, тіпті жәбірленушінің компьютеріне немесе мобильді құрылғысына толық қол жеткізе алады, - делінген портал мәліметінде.
Дереккөзге сенсек, бұл соңғы уақытта Қазақстанда тіркелген алғашқы фишингтік сайт емес. Бүгінде алаяқтар белсенді әрекет етуде, жұртты банктердің, танымал тұлғалардың, ірі брендтердің атынан алдауға тырысады.
Өзгелердің жаңалығы