Білім министріне қатысты тағы бір жалған ақпарат тарады

1 Маусым 2021, 17:25
6339
Бөлісу:
Білім министріне қатысты тағы бір жалған ақпарат тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Instagram-да Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түлектерге елден кетуге кеңес бергені туралы хабарлама таратылуда. Бұл сатиралық аккаунтта жарияланған фейк, деп жазды stopfake.kz.

Шын мәнінде, Асхат Аймағамбетов «Мүмкіндігінше Қазақстаннан кетіңдер. Әрқашан да қайтып келуге болады» деп айтпаған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінен хабарлады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп атап өтті ведомстводағылар.

Білім министріне қатысты тағы бір жалған ақпарат тарады

Министрдің ерекше «кеңесі» туралы жаңалықтың түпнұсқасы @qaznews24 сатиралық Instagram-аккаунтында жарияланған. Парақшаның сипаттамасында жазылғандай, онда тек ойдан шығарылған жаңалықтар ғана беріледі.

Қазақстандағы фейк-ньюс. Қоғам және саясат. Сатиралық мазмұн. Барлық сәйкестіктер кездейсоқтық, – делінген профильде.

Өзгелердің жаңалығы