Желіде Аида Балаеваның атынан жалған жарнама таралып жатыр

29 Наурыз 2024, 15:24
1094
Бөлісу:
Желіде Аида Балаеваның атынан жалған жарнама таралып жатыр
Фото: Артём Чурсинов - архив

Stopfake.kz сайтының мәліметіне сәйкес әлеуметтік желілерде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның суретімен жалған жарнама таратылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 

Желіде Аида Балаеваның атынан жалған жарнама таралып жатыр

Мәтінде Мемлекет басшысы қазақстандықтарға төлемдер тағайындауды тапсырғаны айтылған. Бұл фейк. Жалған жарнаманы таратушылар күмәнді сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Қандай сома тағайындалғанын білу үшін адам жеке тұлғаның бірегей нөмірін (ЖСН) енгізуге тиіс. Белгісіз сайттарда жеке деректерді қалдырмаған жөн. Алаяқтар оларды жеке мақсатта пайдаланады, - делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сайтында төлемдер туралы ақпарат болмаған және жоқ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі де барлық жаңалықтарды ресми порталда жариялайды. Онда да төлемдер туралы ақпарат жоқ.

Мұндай хабарламаға сенбеген жөн. Бұл алаяқтардың ісі. Бұған дейін Желіде ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық қордың атынан төленетін төлемдер туралы осындай фейк ақпараттар тараған болатын.

Өзгелердің жаңалығы