Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

7 Наурыз 2019, 08:15
2259
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК смноптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз, жауын-шашынды болады. Солтүстікте көбінесе қар түрінде жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы күшеюі мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28, кейде 30 м/с және одан аса күтіледі, Ақмола облысының кей жерінде тұман болады.

Павлодар облысының кей жерінде көктайғақ, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі.

Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз Жамбыл облысында, түнде Ақтөбе облысында  жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман болады. 

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерінде тұман, Қарағанды, Батыс Қазақстан  облыстарының кей жерінде көктайғақ күтіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы