11 желтоқсанда ауа райының бұзылуына байланысты «Қазгидромет» РМК бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік шығыстан соғып, күші 15-20 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с артады.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
11-13 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Тау асуларында жаяу бұрқасын болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с құрайды.