Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жел айдаған жастар құтқарылды

19 Шілде 2025, 00:52
779
Бөлісу:
 скрин / ТЖМ
Фото: скрин / ТЖМ

Каспий теңізінде SUP борд теуіп жүрген жастарды жел айдап әкетті. Құтқару қызметінің мамандары жағадан алыстап кеткен 10 адам құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтау қаласының жанында адамдар жергілікті толқындарды бағындыруға теңізге шықты, бірақ қатты желдің салдарынан өз бетінше олар жағаға жете алмаған.

Сол аймақта кезекшілікте болған ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оларды байқап, көмекке асықты. Олар жастарды аман-есен жағаға жеткізді. Жастар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ ескертуі

суқоймаға желді ауа райында шықпаңыздар;

SUP бордтқа мінген кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию керек.

Өзгелердің жаңалығы